Мектеп жайлы мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1996 жылғы 31 шілдедегі №153 шешімі бойынша Шымкент қаласының №5 кәсіптік-техникалық мектебінің базасында облыстық   спорттық    мектеп-интернат   ашылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1998 жылғы 10 қаңтардағы №33 шешімімен Шымкент қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернаты деп қайта аталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік мекемені қайта атау туралы» 2002 жылғы 1 ақпандағы №54 Қаулысына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан облысының дарынды балалардың спорт мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі «Бекзат Саттарханов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының дарынды балалар спорт мектеп-интернаты» деп қайта аталды.

«Бекзат Саттарханов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының дарынды балалар спорт мектеп-интернаты» Түркістан облысы әкімдігінің  2018 жылғы               5 шілдедегі №201 қаулысына сәйкес Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» комуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

  Мектеп-интернат-колледжінің директоры   Каскаев Зангар Жадигерович.

  Директордың спорт ісі жөніндегі орынбасары  Нұрлан Аксакалов Амангельдиевич.

  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Жолымбетова Орынкүл Серікбайқызы

  Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Сейдалиев Данияр Журсынбаевич

  Директордың шаруа ісі жөніндегі орынбасары  Мекебаев Мурат Койшыбаевич

       Мектеп-интернатқа Түркістан облысына қарасты барлық  аудандардан  спортта  қабілетті  балаларды іріктеп, оларға терендетілген оқу-жаттығу сабақтарын   өткізу    мақсатында   жаттықтырушылар   селекциялық  жұмыстар  жүргізуде.  Әр  жыл   сайын   жалпы  дене  дайындығы  бойынша   емтиханнан   өткен  оқушылар   мектепке  қабылданып,  дене дайындықтарын  одан  әрі  шыңдайды   және  үлкен  нәтижелерге  қол  жеткізеді.

Мектеп – интернат – колледжі 267 – жатын орынмен қамтылған және   спорттың  9 түрінен шұғылданады.  Атап айтқанда: Бокс,  грек-рим күресі,  еркін  күрес, үстел теннис,  дзюдо,   садақ ату,  ауыр  атлетика,   жеңіл  атлетика,  таеквондо (WT).

 

 Осы  оқушы-спортшыларға 34 жаттықтырушы  жаттығу  сабақтарын  өткізіп,  қызмет  атқарады.  Жалпы 51 оқу-жаттығу  топтары   бар.

       Мектеп  ашылғаннан   осы  уақытқа  дейінгі  аралықта   80-тен астам Қазақстан Республикасының  спорт   шебері,    2000-ге  жуық   Қазақстан  Республикасы  спорт  шеберлігіне  үміткер  спортшылар   дайындалды.  Бұл   спортшылар   мектебіміздің  ғана емес,  сонымен   қатар   еліміздің  де  абыройын  шетелдік   ареналарда   қорғады. Оған дәлел мектеп-интернаттан 1 – Олимпиада   женiмпазы, 11 – Әлем  чемпионатының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi, 29 – Азия  чемпионатының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi, 7 – Еуразия ойындарының жеңiмпаздары  мен  жүлдегерлерi, 3 – Азия  балалары  ойындарының жеңiмпаздары  мен  жүлдегерлерiнің   шығуы. Аталған  спортшыларды  ширата  айтар болсақ:

  1. Бекзат Саттарханов – Сидней  олимпиадасының  жеңімпазы. 2000ж.  Қазақ  халқының   мақтанышы.
  2. Марат Қиясов (бокс  бөлімі) – жасөспірімдер  арасында  Әлем      чемпионатының  жеңімпазы  (Румыния. 2003ж)
  3. Нұрбота Сейтбеков (бокс  бөлімі) – жастар   арасында  Әлем      чемпионатының  қола жүлдегері 

(Марокко. 2006ж)

  1. Төлеген Дидар  (бокс  бөлімі) – жасөспірімдер  арасында Әлем      чемпионатының  күміс  жүлдегері 

(Астана  қ. 2011ж)

  1. Нысан Дәулет (бокс  бөлімі) – жасөспірімдер  арасында Әлем      чемпионатының  жеңімпазы   (Санкт Петербург  қ. 2015ж)
  2. Танкеев Нұрғали  (дзюдо  бөлімі) – жасөспірімдер  арасында Әлем      чемпионатының  жеңімпазы  (Югославия. 2002ж)
  3. Дүйсенов Сейдахмет (грек-рим күресі) Азия Чемпионатының қола  жүлдегері.  Тайланд 2014ж.
  4. Проскурович Леонид- (грек-рим күресі) Азия чемпионатының қола жүлдегері. Тайланд 2014ж.
  5. Балтабай Еламан (таеквондо  бөлімі) – жасөспірімдер  арасында Әлем      чемпионатының  қола  жүлдегері  (Корея.  2015ж)
  6. Ахмаджанов Жахонгир (еркін күрес бөлімі) – жасөспірімдер  арасында Әлем      чемпионатының  күміс  жүлдегері  (Болгария. 2019ж)
  7. Қарабаев Азімбай (грек-рим күресі)- Азия Чемпионатының  жеңімпазы. (Ташкент 2018ж.)
  8. Қыдырбай Нұртас — (грек-рим күресі)Азия Чемпионатының жеңімпазы.  Нұр-сұлтан қ. 2018ж.
  9. Құдайберген Санжар (грек-рим күресі) Азия Чемпионатының күміс  жүлдегері. Тайпей.  2019ж.
  10. Байниязов Олжас (бокс) Әскерлер арасында Әлем Чемипонатының алтын жүлдегері Алматы 2014 ж.
  11. Ержан Жомарт (бокс) Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Германия 2017 ж.
  12. Ибрагим Бидаулет – (бокс) Азия Чемпионатының қола жүлдегері Ташкент 2017 ж.
  13. Әбдікәрім Абдығалым – (бокс) Азия Чемпионатының алтын жүлдегері Турция 2021 ж.
  14. Абдулаев Аскар (бокс) Азия Чемпионатының күміс жүлдегері Алматы қ. 2015 ж.
  15. Бижанов Ануарбек – (бокс) Азия Чемпионатының алтын жүлдегері Алматы қ. 2015 ж.
  16. Талдыбек Сұңқар – (бокс). Азия балалардың чемпионатының қола жүлдегері Тбилиси 2016ж.
  17. Раис Нұрқанат – (бокс) Әлем Чемпионатының жеңімпазы Сирия 2021 ж.
  18. Шермаганбет Мейіржан – (грек-рим) Азия Чемпионатының қола жүлдегері. 2018 ж.
  19. Каришалов Марат (грек-рим) Азия ойындарының қола жүлдегері 2010 ж.
  20. Тасмуратов Эльмурад – (грек-рим) Б.Саттарханов мектеп-интернатқа 2008 түсіп 2012 жылы бітірген. Азия Чемпионатының 5 дүркін алтын жүлдегері, 3 дүркін күміс жүлдегері. Әлем Чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері және күміс жүлдегері. Олимпиада ойындарының қола жүлдерегі Рио-де-Жанейро 2016 ж.
  21. Әмзеев Абылайхан – (грек-рим) Азия Чемпионатының қола жүлдегері Монғолия 2022 ж.
  22. Умаров Ерасыл-(ауыр атлетика) Әлем Чемпионатының қола жүлдегері. Мексика, Леон. 2022ж. Азия чемпионатының  қола жүлдегері.2022ж.

Алимжанов Искандер -каратэ- Азия Чемпионтының жеңімпазы.Қырғызстан. 2022ж.

Оқушы-спортшылардың жатақханасы – 267 жатын орынмен қамтылған  2 жаттақхана  жұмыс  істейді.  Спортшылардың  тәртібі  мен   жатақхана  тыныс-тіршілігіне  15  тәрбиеші  және 9 тәрбиеші  көмекшілері,  ауысыммен  қызмет атқарады. Тәрбие  жұмыстары  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары Д.Сейдалиевтің  жетекшілігімен   жылдық  жұмыс  жоспары  бойынша әр-түрлі  тақырыпта  тәрбиелік  іс-шаралар   жүргізіледі. Атап  айтқанда —  әлімжеттік-бопсалау іс  әрекеттерін  жою, патриотизм, азаматтық, құқықтық  тәрбиелер, рухани — адамгершілік  тәрбие  сияқты әр-түрлі  тақырыптар  бойынша  жұмыс  жүргізіледі.

 

         Оқу  бөлімінің  жұмыс  барысы Оқу-ағарту  министрлігінің  және  облыстық  білім  басқармасының  бекітілген  қағидалары  бойынша  жылдық  жұмыс  жоспарына  сай  қызмет  етілуде.  Директордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары О.Жолымбетова  және  педагогикалық  іс-тәжірибесі  мол  35  мұғалімдер  оқушыларға    сапалы  дәріс  беруде.  

        

Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің  мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 11 жабық  спорт залдары мен бір үлкен футбол алаңы  бар.

 

Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің  ғимараттарының және спорттық оқу-жаттығу  ғимараттарының сипаттамасы:

Атауы

Көлемі

Жер телімінің көлемі

4,5796 га.

Теңгерімдегі ғимараттардың жалпы ауданы

8 305 ш.м

1

Футбол алаңының көлемі

2,0556 га

2

Ауыр атлетика залы

173 ш.м

3

Бокс залы

342,2 ш.м

4

Еркін күрес залы

188 ш.м

5

Грек-рим күресі залы

162,9 ш.м

6

Дзюдо залы

216,2 ш.м

7

Таеквондо залы

144,4 ш.м

8

Жеңіл атлетика залы

60 ш.м

9

Ауыр атлетика залы

173 ш.м

10

Үстел теннис залы

240 ш.м

11

Садақ ату залы

199,5 ш.м

12

Күш-қуат залы

112,5 ш.м

13

Асхана

156,4 ш.м

14

Монша

103,6 ш.м

15

Оқу корпусы және қосалқы кабинеттер

3238,7 ш.м

16

1-жатақхана

1350,9 ш.м

17

2-жатақхана

811.80 ш.м

19

Әкімшілік ғимараты

568,4 ш.м

20

Қазандық

197,7 ш.м

21

Қойма

38,8 ш.м