Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған,заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады,шаруашылық бөлімі Мекеменің әкімшілік-шарушылық жұмысын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Шаруашылық бөлімнің негізгі мақсаты: ғимарат, бөлме, жабдықтарға (жылыту жүйесі, сумен қамтамасыз ету, желдетілу, тоқпен қамтамасыз ету және т.б.) техникалық қызмет көрсету, күрделі және қарапайым жөндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізілуін бақылау, жиһазбен, шаруашылық құралғымен, механизация құралдарымен қамтамасыз ету, инженерлік және басқару еңбегін қамтасыз ету, көлік тасымалдау және күзетпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.
Санитарлық – эпидемиологиялық індетке қарсы тәртіптеменің, өртке қарсы ережелердің, қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау, олардың бұзылуы жағдайында уақтылы шара қолдану.
Мекеме бөлімшелері орналасқан ғимарат пен бөлмелердегі өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері мен мөлшелеріне сәйкес шаруашылық қызмет көрсету және тиісті жағдайын қамтамасыз ету, жабдықтың (жарық, жылыту және желдету жүйелерін) дұрыс болуын бақылау.
Негізгі қорлардың ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау (ғимарат, сумен қамтамасыз ету, желдету жүйесі және т.б.), шаруашылық шығын сметасын жасау. Бөлмелердің жөндеу жұмыстары, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылау.
Алаңды жайландыру, көгалдандыру, алаңды тазалау жұмыстары, ғимарат, бөлмелер мен кіреберіс қасбеттерін мерекелік және көркемдік безендірулер. Мекеме жұмыстарын көлік тасымалдау қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Мекеменің қазіргі ережелері мен мөлшерлеріне сәйкес техникалық жабдықтың (электржүйесі, жылыту жүйесі, желдету жүйесі және т.б.) уақтылы жөнделуін және іске қосылуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ұйым ғимараты мен бөлмелерінің электр, жылу жүйесі, сумен үздіксіз қамтамасыз етілуін және олардың үнемдеп жұмсалуына бақылау жүргізу.
Күзеттегі рұқсатнамалық тәртіптемені қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әкімшілік-шаруашылық қызметтерінің қойма жұмыстарына және өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен бақылау жүргізу.